Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Қазақстандағы сейсмикалық қауіпті аймақтарды атады, — деп хабарлайды barysmedia.kz тілшісі.
ТЖМ басшысының айтуынша, кез келген табиғи жер сілкінісі техногендік жер сілкінісін тудыруы мүмкін . Алматы ғана сейсмикалық қауіпті аймақ болып саналмайды.
«Алматы ғана емес, Батыс Қазақстанның бүкіл аумағында, әсіресе мұнай-газ кен орындарын қарқынды игеру жүргізіліп жатқан жерлерде бұл проблема бар. Мысалы, Атырау облысында мұнай айдаумен байланысты. Маңғыстау облысы 8-9 балдық аумақта жатыр», — деді министр Мәжілістің Экология және табиғи ресурстарды басқару комитетінің кеңейтілген отырысында.