Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада соңғы, 46-шы кеншінің денесі табылды. Бұл туралы сейсенбіде үкімет отырысында төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов мәлімдеді, — деп хабарлайды barysmedia.kz тілшісі.
«Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында 45 кеншінің мәйіті мен қаза тапты деп болжанған 46-шы адамның денесі табылды. Қазір қаза тапқан 40 адамның жеке басы анықталып, 6 адамның жеке басы анықталмады. Оларды анықтау үшін қажетті сараптамалар жүргізіліп жатыр. ДНК сараптамасы қажет болады», — деді министр.
Еске салайық, Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. Қаза тапқандар саны — 45 адам. Соңғы, 46-шы кеншінің денесі іздестіріліп жатқаны хабарланған болатын.