КамАЗ жүргізушісі мектеп оқушысын қағып кеткен. Қазір ол жансақтауда жатыр, — деп хабарлайды Barysmedia.kz тілшісі.
Жантүршігерлік жол апаты 21 қыркүйекте шамамен сағат 13:10-да Асар-2 шағынауданындағы Атакент көшесінде КамАЗ-5320 жүргізушісі жаяу жүргіншіні, яғни екінші сынып оқушысын қағып кеткен.
Бұл дерек «Жол қозғалысы ережелерін бұзған кезде адам денсаулығына ауыр зиян келтіру» бабы бойынша тіркелген.
Соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.