3 қазанда үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев Алматыдағы элиталы мектеп оқушысына жыныстық зорлық-зомбылық жасалуы мүмкін деген мәлімдемеге пікір білдірді, деп хабарлайды barysmedia.kz тілшісі.
Вице-министр бұл жағдай Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін, сотқа дейінгі тергеу басталғанын айтты.
«Мен тергеу барысы туралы түсініктеме беріп, алдын ала болжам жасай алмаймын. Процесстік заң бұған тыйым салады. Сондықтан тергеу нәтижесін күтейік. Әзірге күдіктілер жоқ, қажетті сараптамалар тағайындалды».Марат Қожаев