Қарағандыдағы ЖЭО-да апат болып, қала тұрғындары жарықсыз қалды, — деп хабарлайды barysmedia.kz тілшісі.
Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, ЖЭО-3-те қорғанысты іске қосу түріндегі технологиялық бұзылу анықталып, нәтижесінде 220 кВ сыртқы тарату құрылғысы сөндірілді.
«Себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Сондай-ақ, электр қуатынсыз қалған абоненттер саны да анықталып жатыр», — деп хабарлады өңір әкімдігінің баспасөз қызметі