Қазақстанның бірнеше облысында жылыту маусымы ресми түрде басталды. Жылу бірінші кезекте әлеуметтік нысандарға, содан кейін ғана тұрғын үйлерге беріледі, — деп хабарлайды barysmedia.kz тілшісі.
ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жылыту маусымы Қазақстанның бірқатар өңірінде басталып кетті:
- Астана қаласында;
- Ақмола облысы;
- Шығыс Қазақстан облысы;
- Қарағанды облысы;
- Павлодар облысы;
- Қостанай облысы;
- Солтүстік Қазақстан облыстары.
Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында 24 әлеуметтік нысанның 23 немесе 96% — ы қосылған. Тұрғын үйлерге ыстық су берілді. Павлодар облысының Екібастұз қаласы бойынша 90 әлеуметтік нысанның 26 немесе 28,8% — ы қосылған. Астана қаласында 240 әлеуметтік нысанның 86 немесе 35,8% — ы қосылған.
Министрлік қалған өңірлерде жылу қашан қосылатынын айтты:
- 3 қазанда Алматы облысында;
- 10 қазанда Ұлытау облысында;
- 15 қазанда Алматы, Абай облысында, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында.
Жылыту маусымын Шымкентте 20 қазаннан, Түркістан облысында 25 қазаннан бастау жоспарлануда.