Израильге әскери көмекпен Иорданиядан келген АҚШ әуе күштерінің ұшағы Бен Гурион әуежайына қонды, — деп хабарлайды barysmedia.kz тілшісі.
«Израиль дауысы» мемлекеттік радиосының тікелей эфирінде Израильге әскери көмек көрсететін АҚШ әскери-әуе күштері ұшағы келгені туралы ақпарат тарады.
ХАМАС АҚШ-тың Израильге әскери көмек жіберуіне жауап берді:
Біз аймаққа американдық ұшақ тасығышты жіберуден қорықпаймыз және Америка үкіметі мұндай әрекеттің салдарын түсінуі керек.
АҚШ президенті Джо Байден бұдан бұрын Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлескен кезде Вашингтонның Иерусалимге көмек жібергенін айтты.







