Қазақстандық Зухра Ирназарова Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, — деп хабарлайды barysmedia.kz.
Ирназарова 10 метр қашықтықтан қозғалатын нысанаға оқ ату бойынша турнир жеңімпазы атанды.
Осылайша Қазақстан Азия ойындарындағы екінші алтынын жеңіп алып, жалпы медаль саны 16-ға жетті.







