Алматыда 6 жасар бала тұрғын үй кешеніндегі шатырдан құлап, қаза тапты, — деп хабарлайды barysmedia.kz тілшісі.
Tengrinews мәліметінше, оқырмандар баланың алты жаста екенін және Алматыға Атыраудан келгенін жеткізген.
Алматы полициясы қайғылы оқиға 30 қыркүйекте болғанын хабарлады. 2017 жылы туған баланың өліміне қатысты істі Бостандық ауданының полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы 2-бөлігі бойынша тіркеген.